Ыстық тағамға сұраныс бар

(0 Votes)

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев орта және шағын кәсіпкерлікке ерекше көңіл бөліп келеді. Амал мерекесі қарсаңында Мақат кентінде жеке кәсіпкердің «Асхана» кешені ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатында Мақат кенті әкімінің орынбасары Айбат Құбаев құттықтауында жеке кәсіпкердің бастамасына сәттілік тіледі. бірге қиды.

Асхана кешенін ашу үшін Ләйлә Айсағалиева «Бизнес -аймақ» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы негізінде қолдау қаражатын алып, көпқабатты үйдің пәтерін сатып алып, оны асханаға лайықтаған болатын. Қажетті құрал-жабдықтармен толықтырған соң жұмыссыздар қатарынан 1 адамды жұмыспен қамтыды. Сөйтіп, жоспарлаған жобасын іске асырды. Қазір асхананың ас мәзірінде ыстық тағамдар дайындалып, халыққа қолжетімді бағада ұысынылуда. Тіпті алдын ала сұраныс беріп, түрлі кештер мен басқосуларға ыстық тағамын сайлап алушылар көбейіпті.

Қазіргі кезде ауданымыз көркейіп гүлдену үстінде. Нарықтың сұранысына сай кәсіп көзін ашу кім-кімнің де тұрмыс жағдайына оңды әсерін тигізері сөзсіз. Олай болса, көп балалы отбасының отбасылық кәсібі дөңгеленгені, сол отбасындағы берекенің асып, ынтымақтың жарасқаны деп білеміз.

«Еңбектің наны тәтті» демекші, Ләйлә ұсынған сапалы әрі табиғи тағамдарға сұраныс артқанын қалаймыз.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521