«Киіз үй» лагері ашылады

(0 Votes)

А.Құнанбаев атындағы орта мектебі ата-аналар үшін есігін айқара ашып «Ашық есік» күнін өткізді.

Шара білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететін сұрақтар мен мәселелерді шешу арқылы мектеп пен қоғам арасында байланыс орнатып және өзекті сұрақтарға жауап беруді мақсат етті. Бұл күні ата-аналар толықтай мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Өздерін толғандырған сұрақтар бойынша кеңес алды. Ата-аналар бейіндік лагерлері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері туралы сұрақтар берді.

Ата-ана баласына берілетін білімнің маңыздылығын және тиімділігін таразылап, білімді қабылдау, пайымдау, орынды қолдана алу дағдысын байқауға мүмкіндік алды.

Дегенмен көп ата-ана өздеріне берілген мұндай мүмкіндіктен құр қалып, белсенділік танытпады. Ата-аналардың сауалдарына мектеп директоры Руслан Сарбалин, психолог Марал Берікқызы, оқу ісі жөніндегі орынбасар Анаргүл Жарасқызы, әлеуметтік педагог Ханзада Хайроллақызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Базаргүл Ғизатқызы жауап берді.

Толығырақ газетімізден оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521