Хор ұжымы республикада бақ сынайды

(0 Votes)

 Атырау облысы білім беру басқармасы мен «Таланттарды қолдау және анықтау орталығы» ұйымдастырған үш жылда бір рет болатын «Жас музыканттар» байқауында өтті. 

Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушы – жас музыканттары арасындағы республикалық фестиваль – байқауының облыстық кезеңінде Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебі және Мақат балалар өнер мектебінің хор ұжымдары мен фортепиано бөліміндегі білім алушылары қатысып, жүлдегерлер қатарынан табылды.

Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің хор ұжымы ережеге сәйкес шығармаларын орындап, қазылар алқасының шешімімен І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Хор жетекшісі Айсұлу Құлымбетова болса, хор дирижері Шакизада Қонысбаева және концертмейстері Сәуле Есенғалиева.

Сондай-ақ, фортепиано аспабы бойынша қатысқан Кәусар Жанаш (кіші топ) және Мақат өнер мектебінің оқушысы Айтбай Нұрмұхаммед (орта топ) алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларымызға талмас талант пен шығармашылық шыңдалу тілейміз!

Ғ.ҒИНАЯТОВА,

Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521