Халық партиясы өкілдері ауданда болды

(0 Votes)

 Аудандық жастар ресурстық орталығында «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Атырау облыстық филиалының өкілдері аудан жастары және тұрғындарымен кездесу өткізді.

Алдымен, аталмыш партия өкілдері өздерінің жасап жатқан қызметтерін түсіндіріп, бұл іс-сапардың мақсаты - халықпен етене жақын араласу, сондай-ақ еліміздегі көптеген өзекті мәселелердің шешуіне түрткі болу екендігін айтып өтті.

Кездесу барысында, қатысушылар да көкейтесті сұрақтарын қойып, тиісінше жауап ала білді.

glglgkjh78

Айталық, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қабылхан Омаров партияның жұмыстарымен таныс екендігін айтып, оларға сәттілік тіледі. Одан әрі, жиынға қатысушылар ауданда наубайхананың аз екендігін және ол әрі кетсе 10-15 дүкенді қамтамасыз ететінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, бағаның тұрақсыздығы, жалақының өспеуі және күн тәртібінен түспейтін ит мәселесі де айтылды.

Одан бөлек, тасада қалып жатқан проблемалардың бірі - ұлттық бірыңғай тестілеу жөнінде де әңгіме қозғалды. Жиынға қатысушы Лаззат Найзағайқызының айтуынша, мектептерде ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалатын үйірмелер жоқ. Себебі, мұғалімдердің оқушыларды таңдау пәні бойынша дайындамауының басты себебі - қосымша ақша төгілмеуінен дейді.

trgftfgftrvcfd45

«Бұрын ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды дайындау үшін мұғалімдерге ақша төгілген екен. Биылдан бастап оны алып тастаған. Сондықтан, мұғалімдерге қосымша сағат берілмегендіктен, оған немқұрайлы қарайды деп ойлаймын. Сонда балалар тестілеуге қандай дайындықпен барады? Неге мұғалімдердің сабақ жүктілігін қысқартты? Мектептерде дайындықтың дұрыс болмауынан, балаларымызды ақылы курстарға оқытуға мәжбүрміз. Ал, бұған кез келгеннің қалтасы көтере бермейді», - деді тұрғын.

Қойылған сұраққа «Қазақстан Халық партиясы»  ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы Балжан Ибатқызы бұл мәселенің көтеріліп жүргенін айтып, алға қарай тағы да шешімін табуға жұмыстанатынын жеткізді.

Кездесу соңында өзге де тақырыптар талқыланып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

 Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT