Кәсіпкерлерге қолдау бар

фото: Сурет автордікі
(0 Votes)

 Аптаның сәрсенбі күні кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жөніндегі көшпелі мәжіліс жиналысы өтті. 

Мәжіліс жиналысына аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин төрағалық етіп, кент, округ әкімдері мен мамандары, «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиал «Даму» кәсіпкерлікті қолдау акционерлік қоғамынының Атырау облысы бойынша аймақтық филаиалының өкілдері және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин сөз алып, көшпелі мәжілістің күн тәртібіндегі мәселеге тоқталып, ақпарат беру үшін сала мамандарына сөз кезегін ұсынды.

Кәсіпкерлік саладағы мемлекеттік қолдау шараларын, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру үшін «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиал директорының орынбасары Рахмет Жанбиров баяндама жасады. Сала маманы өз сөзінде орта және шағын бизнесті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға тоқталып өтті.

Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті қолдау акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша аймақтық филиалының тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі менеджері Айгүл Жанаева кәсіпкерлікті қолдау мақсатында берілетін несиелердің үстеме пайызы туралы егжей-тегжей түсіндірді.

Көшпелі мәжілісте одан бөлек мемлекет тарапынан берілетін субсидия, несие алу жолдары, құжаттарды заң аясында рәсімдеу сынды тақырыптар қозғалып, нақты деректер берілді.

Мәжіліс соңында аудан кәсіпкерлері облыстық сала мамандарына сұрақ жолдап, тиісінше жауаптарын алды.

Ж.Нұрбегісқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521