Бүгін Доссор кентінде аудан әкімі Азамат Мәмбетов Доссор кентінің тұрғындарын қабылдап, жеке мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым көпшілігі жұмыссыздық және тұрғын үй мәселелеріне қатысты сұрақтар болды.
Аудан әкімі Азамат Саматұлы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсінік беріп, жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелері назардан тыс қалмай, алдағы уақытта оң шешімін табатындығын айтты.
Айта кетейік, қабылдауға барлығы 9 тұрғын қатысты.
Ә.ҚАСЫМ