Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды

Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды
(0 Votes)

Аптаның сәрсенбісі күні Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданына жұмыс сапары аясында қайырымдылық шарасына қатысты. 

Аудандық орталық мешітінде Мәуліт айына орай өткен қайырымдылық шарасы аясында 15 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды.

«Шарапатты мәуліт мерекесі біздің халқымызға да құтты болсын. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсырақ танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдық-тың арта түсуіне бір сеп болғай. Пайғамбардың әміріне мойынсұнып, тыйымынан тыйылуға түрткі болғай. Адамзаттың асыл тәжі, тектілердің төресі, асылдардың асылы, ізгілердің ізгісі, дегдарлардың дүрі, Пайғамбарлардың имамы, екі дүниенің бекзаты Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жаратқан Иеміздің жаратқан нәрселерінің санындай, Аршысының салмағындай, Өзі разы болғандай сансыз салауаты мен сәлемі болсын!», - деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Акция аясында мұқтаж жандар да өз алғыстарын айтып, орталық мешіттің жасап жатқан игі істеріне ризашылықтарын білдірді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521