Мақат аудандық прокуратурасы біраз уақыт бойы мәселесін шеше алмай жүрген кәсіпкердің құқығын қорғады.
Мемлекет сатып алу порталы арқылы жеңімпаз атанған кәсіпкер, шарт бойынша өз міндетін орындағанымен тапсырыс берушіден ақшасын ала алмаған.
Осы шағымға тиянақты, объективті түрде қарап, жедел шара қабылдаған аудан прокуратурасына кәсіпкер Д.Бисенғали алғысын білдіреді.
“Аудан прокурорлары кәсіби біліктілік пен табандылық танытып біраз уақыт ала алмай жүрген қаражатымды алып беріп, құқығымды қорғады. Мемлекеттік органдар тарапынан қысымшылық пен сөзбұйдалықты тоқтатты.
Кәсібімнің жалғасуына себепші болды. Сондықтан да құқығы бұзылған ауданның өзге кәсіпкерлеріне прокурорларға жүгініп, мәселелерінді шешуге кеңес беремін”, - дейді Д.Бисенғали.
“МТ”