Мақат ауданы көлемінде 2021 жылдың 12-14 ақпаны аралығында Атырау облысы ішкі істер департаментінің бастығының нұсқауын орындау мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындарын тексеріп анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Кәмелетке толмағандардың бейтаныс адамдармен мінез-құлық және демалыс орындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстар жүргізіледі.
Аталмыш іс-шараның мақсаты, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу.
Сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу.
Жедел профилактикалық іс-шарасында полиция бөлімінің жеке құрамының барлық қызметкерлері жұмылдырылады.
К.Серікбаева,
Мақат АПБ ЖПҚБ КТІЖ инспекторы полиция капитаны
Сурет: ашық дереккөз