Көлік тізгініндегі көзсіздік

(0 Votes)

Аудан аумағымен өтетін республикалық маңызы бар жолдардың қауіпсіздігін қадағалау, жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудандық ішкі істер бөліміне қарасты жол патрульдік полициясы қызметкерлері бақылау шараларын күшейтті.

Биылғы 6 айда 4 жол көлік оқиғасы тіркелсе, оның 1-і ауданаралық жолдарда, 3-і республикалық маңызы бар жолдарда болған. Аудан кенттерінде жол белгілері орнатылғанына қарамастан автокөлік тізгініне қонған жүргізушілер тарапынан жол ережелерін өрескел бұзушылар азаймай отыр. Атап айтсақ, жылдамдықты шектен тыс асыру, көлік тізгінінде отырып, ұялы телефон пайдалану, мас күйінде көлік құралын басқару, рұхсатсыз көлік құралын қайта жабдықтау деректері жол көлік оқиғаларының туындауына алып келеді.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығы, полиция майоры А.Нұрмановтың мәлімдеуінше, профилактикалық іс-шара кезінде кәсіпкерлікпен айналысушылар яғни рұхсатсыз такси тасымалында, жолаушыларды немесе жүк тасымалдау қағидаларын бұзу т.б. әрекеттерді жүзеге асыру деректері анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 463 және 571 бабтарының 2 бөлімімен шара қолданылған.

Жол патрульдік полиция қызметкерлері назарына іліккен 32 жүргізуші алкогольдік ішімдік буымен көлік тізгіндеп, 289 жүргізуші жылдамдықты арттырып, 281 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай, 39 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермей әкімшілік құқық бұзса, 72 жаяу жүргінші белгіленбеген тыс жерден жолды кесіп өтіп, керіліп жүріп алғанына не дерсің? Бұл жолда жүру ережелерін жаяу жүргінші де, көлік жүргізушісі де естен шығарып, жол қауіпсіздігін сақтамауынан жол беріліп отырғанының куәсі. Жол патрульдік полиция ротасы қызметкерлерімен 26 қылмыс ізін суытпай ашылып, криминогендік ахуалды төмендетсе керек. Бұл деректер өткен жылмен салыстырғанда еселеніп отырғаны өкінішті. Әрине, заң бұзу деректері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарына сай шара қолданылып, айыппұлдармен ұпай түгеннен ұтарымыз аз. Ең бастысы сананы бағындырып, қоғамдық тәртіп пен көліктегі жолаушы тағдырына жауапкершілікті арттыру екенін естен шығармаған жөн. Жергілікті полиция қызметі көлік жүргізушілерінің тәртібін қадағалау арқылы жол көлік оқиғаларын болдырмау, жол жүру қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында бақылауды күшейтпек. Осыған орай облыс көлемінде 12-14 шілде аралығында ұйымдастырылып отырған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде тұрғындар мен аудан қонақтарының құқық бұзуға жол бермеуін қадағалауды жоспарлап отыр.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521