Исатай батырға арналған кітаптың тұсауы кесілді

(0 Votes)

14 қазан күні аудандық орталық кітапханада атыраулық исатайтанушы-ғалым, профессор Аманкелді Шамғонұлының «Ұлы дала батыры – Тайманның ұлы Исатай» атты тарихи-ғұмырнамалық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кешке Исатай Тайманұлының 6-шы ұрпағы Қ.Қадрешов және аудан ардагерлері О.Деңгелбаев, Т.Жолмағанбетов,  Ғ.Тастаев, Қ.Жаңғабылов, Е.Жоламанов қонақ болды.

30 жылдай уақыт Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтерілісті жан-жақты зерттеген  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстанның үздік өлкетанушысы Аманкелді Шамғонұлы кітаптың мазмұнын оқырмандарға таныстырса, кітапхананың жас оқырмандары Айкөркем Мақсотова және Ермек Мейірлан  Махамбеттің «Мінгені Исатайдың ақтабаны-ай», «Әй, Махамбет жолдасым» атты өлеңдерін оқыды.

kitap-3

Шара барысында профессордың шығармашылығына арналған  «Өлке тарихының зергері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің әншілері Ж.Сисембаев пен Р.Әлиева әннен шашу шашты.

kitap-6

Аудан әкімі атынан сөз алған аппарат басшысы Б.Жайкин Аманкелді Шамғонұлына гүл шоқтары мен естелік сый-сияпат табыстады.

А.Жұмабекұлы

Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521