Интеллектуалдық ойын онлайн өтті

(0 Votes)

Карантин уақытында аудандық жастар ресурстық орталығы жастар арасында түрлі шаралар ұйымдастырып, олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін барынша атсалысып келеді.

Оған дәлел 14 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында өткен "Жас көшбасшы" интеллектуалдық ойыны. Онлайн ойын «zoom» бағдарламасы арқылы өткізілген болатын. Сайысқа қатысқан 9 ойыншы «Білім», «Логика», «Кино әлеміне саяхат», «Мақал-мәтелді табу», «Әуенді табу» тәрізді бағыттағы кезеңдер бойынша  өзара сайысқа түсті. Ойынды орталықтың маманы Барша-Мұрат Амантаев жүргізіп отырды.                                                                                        

Сайыс барысында қатысушылар білім және логикалық бағытындағы сұрақтарға жауап берсе, одан әрі жасырынған мақал-мәтел және әуендерді табуға тырысты. Сондай-ақ, кино әлеміне саяхат жасап, атауларын тапты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі I орынмен Әйгерім Бағытжанқызы алға шықса, II орынды Нариман Оңайбаев иеленді. Ал, Ұрқия Жанболатқызы және Құралай Тасбулатова III орынды қанағат тұтты.

Басқа да белсенділік танытып, сайысқа қатысқан қатысушыларға алғыс хат табысталды. Осылайша төтенше жағдай уақытында оқушылар интеллектуалды сайысқа қатысып, өз білімдерін шыңдаса, орталық жастары онлайн бағытта жұмыс жүргізуге тәжірбие жинап алды.  

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521