Ескі Мақат ауыл тұрғындары жомарттық танытты

(0 Votes)

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.

Солардың бірі – ескі Мақат ауылының атымтай жомарт тұрғындары қасиетті жұма күні аудандық орталық мешітте қайырымдылық шарасын өткізді. Аталмыш шара барысында ауданымыздағы аз қамтылған және көпбалалы 30 отбасыға азық-түлік қораптары таратылды. Және ірі қара малы сойылып, шалынған құрбанның еті шариғат шеңберімен тиісті мұқтаж отбасыларға үлестірілді.

318212658_481214810770148_7685770099988644386_n

318315838_481214814103481_8757478297359035650_n

Аудандық орталық мешіттің бас имамы Біләл Сағындықов осы қайырымдылық шарасына мұрындық болған азаматтарға ризашылық білдірді.

Сондай-ақ ізгілікті шараның игілігін көріп, қоғамның жылуын сезінген кент тұрғындары да мұқтаж жандарға, көмек қолын созып, ыстық ықыласын білдіріп жатқан қайырымды жандарға ақ алғысын жаудырды.

 

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT