Ерекше жандар арасында өнер фестивалі өтті

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Қайырымдылық-жылы жүректен» атты өнер фестивалі ұйымдастырылды.

Аталған фестиваль екі кезеңнен тұрды. Алғашқы қезеңде сахна төрінде балалар өнер көрсетті.

310953836_1339671586774673_5534211952301285667_n

Атап айтқанда Ә.Бағытұлы, А.Тасмағанбет, Д.Хамза, А.Хамидолла, А.Саликова, Е.Марғат, А.Алдаберген, А.Ғабдолла, А.Қанатқызы, А.Қанатқалиева, И.Тулегенова,  А.Жаңабай, Н.Нұрболатқызы және Т.Эрикұлы мың бұрала би билеп, әуезді әндерін орындап, қазақ ақындарының өлеңдерін оқыса, Қ.Айтқали, А.Ерғожиева, Н.Чмарин, Р.Құмар және Р.Жұмабайдың қолдарынан шыққан қолөнер туындылары көрмеге қойылды. Сондай-ақ, фестивальде өнер көрсеткен ерекше балаларға ұйымдастыру алқасы арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

310114166_1339674246774407_2867947151376673503_n

Фестивальдың екінші кезеңі Атырау қаласынан арнайы келген «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің «Сазды керуен» өнерпаздар тобының концертімен жалғасты. Мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған шығармашылық топ өздерінің сазды әуендерімен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

311278438_1339682373440261_7105416480296459079_n

Кеш соңында «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қуанышұлы арнайы сөз алып, фестивальде өнер көрсеткен аудан өнерпаздары К.Утешова, Л.Әбдешова және Н.Байтаңатоваға өз атынан алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табыстады.

311027805_1339691410106024_1930612087561031330_n

Сондай-ақ, кешті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Азамат Жәмшебайұлы өнер көрсеткен барша өнерпаздарға өз алғысын білдіріп, «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Үмбеталиевке және «Сазды керуен» өнерпаздар тобының мүшелеріне аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

310433704_1339692386772593_2837952599208843846_n

 

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT