Ауданнан 6 жауынгер әскери оқу-жаттығу жиынына қатысуда

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 3-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Атырау облысы әкімінің 2022 жылдың 30 қыркүйек №208 қаулысын басшылыққа ала отырып, 2022 жылдың 10-22 қазан аралығында Атырау облысы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен 41433 әскери бөлімінің «Карабатан» оқу полигоны мен Махамбет ауданы, Махамбет ауылының «Арай» лагеріне әскери оқу-жаттығу жиыны өткізу жоспарланған болатын.

Осыған орай, өткен аптада аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, майор Е.Амиров аталған оқу-жиынына баратын аудандық әскери міндеттілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқу-жаттығу жиыны - әскери міндеттілердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру, қайта даярлау және жинақтау мақсатында өткізілмек.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиынына ауданымыздан қатардағы жауынгерлер Асхат Кенжебайұлы, Қанат Қожаұлы, Ержан Мәлікұлы, кіші сержанттар Жақсығали Аманкелдіұлы, Ерлан Төкенұлы және ефрейтор Саламат Бауыржанұлы 2 апта бойы әскери мамандықтар бойынша біліктілігін арттырып, білімдерін жетілдіріп келмек.

Аталған кездесуде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, майор Е.Амиров жиынға қатысатын әскери қызметкерлерге сәттілік тілеп, Отан алдындағы жауапкершіліктің жүгін абыроймен арқалап жүру керектігін жеткізді.

Сондай-ақ, жиын кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны, лауазымы, оған сәйкес келетін орташа айлық жалақысы сақталып және ол республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.

 

Ә.ҚАСЫМ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521