Жаңа жылдық шара аудан әкімдігінің аудан балаларына арнап ұйымдастырған ертеңгілігімен жалғасын тапты.
Аудандық мәдениет үйінде өткен ертеңгілік аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкиннің алғы сөзімен басталды. Ол өз кезегінде балалар жылы аясында іске асқан жұмыстарға тоқталып, барлық жиналғандарды алдағы мерекемен құттықтады.
Кейін залға жиналған кішкентай көрермендер ертегілер әлеміне саяхат жасады. Қызықты сюжеттің басынан аяғына дейін балалар қоянның тілеуін тілеп, қасқырдың ебедейсіздігі мен маймылдың қылықтарына күліп, түлкінің тапқырлығына сүйсініп, бұғыларға қосылып билеп отырды.
Сонымен қатар өздері де Аяз атаға дайындап келген өлеңдері мен әндерін айтып, логикалық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды.
Ертегі көңілді аяқталғандықтан балалар да кейіпкерлермен қимай қоштасты.
А. Жұмабекұлы