Еңбегімен қадірлі

Еңбегімен қадірлі
фото: редакциядан
(0 Votes)

Біздің өлке - тоғыз жолдың торабында орналасқан құт мекен. Сол жерде ауданымыздың қаншама тұрғыны адал еңбек етіп, кәсібінің несібесін көруде. Теміржол бойында тартынған тепловоздар мен сартылдаған вагондардың үні «бәрі де келешек үшін» деп тұрғандай көрінеді бізге. Ал олардың үздіксіз қызмет етуі үшін талайлар тер төгіп, енді біреулері майға былғанып-ақ жүр. 

Күні бойы темір жол бойында осындай ауыр жұмыспен айналысатын аналарымыздың бірі – Жақсылықова Сара Есқайырқызы.

Ол Мақат локомотив жөндеу депосында техникалық цех тазалықшысы болып қызмет атқарады. Теміржол бағытын таңдауға анасының осы салада жұмыс жасауымен байланыстырады.

1965 жылы дүние есігін ашқан ол жоғары оқу орнына оқуға түссе де, отбасылық жағдайына байланысты оқудан шығуға мәжбүр болған. Десе де сынақтарға мойымай, еңбек ісіне араласуға бел буған. 1983 жылы Мақат локомотив жөндеу депосында еңбек жолын бастаған.

- Жұмыстағы әрбір күніміз тепловоздар мен вагондардағы майларды тазалап, қайта өндіріске берумен өтеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әріптестерім Қуандықова Гүлмира мен Мұхтарова Ардақ үшеуміз вагондарды пайдалануға беру үшін кірпік қақпай қызмет етеміз. Әйел затының осындай ауыр жұмыспен айналысып, қажырлы еңбек етуі, осылайша еліміздің дамуына үлес қосуы зор құрметке ие деп ойлаймын.

Темір жол – тіршілік жолы. Ол жолда менің де өмірім, менің де үлесім болғанына ризамын,-дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT