Доссорлық ұстаз республикалық байқауда жүлделі болды

(0 Votes)

Жақында «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасы өткен болатын.

Олимпиаданың мақсаты – мұғалімдердің зерттеу және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау, математиканы оқыту процесін жетілдіру, жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдау, математикадан олимпиадалық есептерді шешуде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру болды. Аталмыш сайыс «Дұрыс жауапты таңдау», «Бос орынды толтыру», «Есептеу, дәлелдеу» секілді үш бөлімнен тұрды.

Аталмыш сайысқа қатысқан А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлшат Хайруллина жеңіс тұғырынан көрініп, І орынға ие болды.

«Облыстық олимпиада 2022 жылдың қараша айында өткен болатын. 156 мұғалім қатысып, оның 8-і ғана республикалық кезеңге жолдама алған еді. Сол сегіз ұстаздың біреуі мен болдым. Республикалық кезеңге тыңғылықты дайындалғанымның арқасында жеңіпаз атандым. Өте қуаныштымын»,- дейді бұл сала да отыз жылға жуық уақыт тер төгіп жүрген Гүлшат ұстаз.

Елдің ертеңі болып табылатын өскелең ұрпақтың бойына жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздың бұл жүлдесі аудан мұғалімдерінің мерейін бір тасытты.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521