Доссор мәдениет үйі есептік концертін берді

(0 Votes)

Доссор мәдениет үйі өнерпаздары ескі жылды қорытындылап, есеп беру концертін өткізді.

"Өнер қырандары" атты шығармашылық кештің шымылдығын өнерпаздар "Қазағымай" әнімен ашып, сахнаға жан бітіргендей болды.
Концерт барысында Доссор кентінің әкімі Б. Ермеков өнерпаздарға сәттілік тілеп, ризашылығын білдіріп, ұжымға Алғыс хат пен сыйлығын тарту етті.

whatsapp-image-2022-02-14-at-08_29_44-1


Өнер ордасын жетістіктерге жетелеп, биіктерден көрініп жүрген өнер ұжымдары, әншілер бар өнерін ортаға салып, көрерменнің жүрегіне жол тапты. Атап айтсақ, Д.Еримов "Сағыз аруы", Г. Бисаханова "Өнерім—өмірім", А. Төлегенов "Жанның құмары, А. Садуақасова мен А.Сейтова "Арманыма самғаймын", "Қазағымай", Қ.Есенжан "Жаным менің", А. Абилкасова" Туған ел", М. Галиев "Махабатты сезіну", А. Отаубаев" Май дуния", Е.Бөрібаев "Өзіңді аңсап" әндерін орындаса, "Әжелер" ансамблі "Ақеркем—Ақжайық","Ләйлім шырақ","Қонановтар" отбасылық ансамблі "Бір шәугім шәй" әндерін шырқады. "Мөлдір мұнай" халықтық фольклорлық ансамблі "Рио Рита", "Арнау" күйлерін өз нақышында орындап, көрерменді тебірентті. Драма ұжымы да жоғары деңгейде өз рөлдерін сомдап, көрерменді күлкіге қарқ қылды.

whatsapp-image-2022-02-14-at-08_29_45

Есептік концерт "Өнер қырандары" әнімен қорытындыланып, көрерменнің ықыласына бөленді.

whatsapp-image-2022-02-14-at-08_29_45-1

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521