Ауданда 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

(0 Votes)

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 17 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 10 жағдайы расталды. Ал, 2 науқас - Теңіз кен орнында анықталған, 3 - Жылыой ауданында, 1 - Қызылқоға ауданында, 1 науқас - Мақат ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 10 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 7 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 303 адам емделді.

Қазір 1454 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 11, модульдік ауруханада - 89 фтизиопульманологиялық орталықта - 31 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 31. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделдіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521