Доссор кентіне әкім сайланды

(0 Votes)

 Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Заңына енгізілген өзгерістер бойынша 2021 жылдан бастап, аудандық маңызы бар қала, ауыл және кент округтері әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 8 қазан күні Доссор кенті әкімін сайлау өтті. 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен барлығы 3 кандидат құжат тапсырған. Олар – Алмаз Имашев – аудан әкімінің кеңесшісі, Нұрлан Исполов – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы және Аслан Қосмағамбетов – «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ның Мақат аудандық бөлімше басшысы.

Тұрғындар өз таңдауын жасау үшін Доссор кентінен 5 сайлау учаскесі дайындалып, қажетті құралдармен және ақпараттық материалдармен қамтылды. Таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс беру орнында мемлекеттік әнұран шырқалып, жұмысқа кірісті. Осы уақыттан бастап сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасады. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мамандарының айтуынша, сайлау талаптарға сай өтіп, ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.

Саяси науқанға дауыс беру құқығына ие 7356 сайлаушының 3884-і қатысқан. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны – 61.

Қорытынды бойынша А.Имашев – 241, Н.Исполов – 1449, А.Космағамбетов – 2102 дауыс жинады.

Кенттің жаңа әкімі Президент реформасының «Еститін мемлекет» жобасының көздейтінін мақсатын іске асыру жолында аянып қалмайды деп сенеміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT