Доссор кентіне жаңа әкім тағайындалды

(0 Votes)

Доссор кенті тұрғындарының көпшілік дауысының нәтижесінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 қазандағы №7 шешімімен және аудан әкімінің 2023 жылғы 9 қазандағы №220 өкімімен Қосмағамбетов Аслан Елеусінұлы Доссор кентінің әкімі лауазымына тағайындалды.

 Аслан Елеусінұлы 1983 жылы 19 сәуірде Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары.

Еңбек жолын «МонтажСервис» ЖШС-де жұмысшы болып бастаған.

2006 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында Мақат ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр жұмысы және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманының уақытша міндетін атқарушы;

2006 жылдың қыркүйек айынан 2007 жылдың наурыз айы аралығында Мақат ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр жұмысы және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маман-заңгері;

2007 жылдың наурыз айынан 2008 жылдың ақпан айы аралығында Мақат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру бөлімінің бас маман-заңгері;

2008 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында Атырау облысы қаржы департаментінің кадр және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маман-заңгері;

2008 жылдың сәуір айынан 2009 жылдың ақпан айы аралығында Мақат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру бөлімінің бас маман-заңгері;

2009 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында Мақат ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі;

2009 жылдың маусым айынан 2015 жылдың қазан айы аралығында Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2016-2022 жылдар аралығында жеке кәсіпкер болған.

2022 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «АтырауОблысыСуАрнасы» КМК-ның Мақат аудандық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келген.

Отбасылы.

Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT