Бірлігі бекем ауыл

(0 Votes)

Күн мен түн теңелген шуақты мерекені Бәйгетөбе округіне қарасты Мұнай айдаушылар бекетінің тұрғындары да ұйымшылдықпен атап өтті.

Ауылда наурыз мерекесі ерекше тойланды. Бұл – 100 үй тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан, қаймағы бұзылмаған ауыл. Халқы – еңбекқор, мал, егін шаруашылығымен айналысады.

Мерекеге орай жастар ақшаңқан киіз үй құрып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуде рухани шаралар көрініс табуына мұрындық болды. Бұл күні үлкені де, кішісі де ұйымшылдықпен мерекені өткізуге атсалысып, ұлттық киіммен жасана қалуы ұлт мәдениетіне деген зор құрметті танытты. Ал, қыз-жігіттер өз өнерлерін ортаға салып, ақ дастарханға жиналған жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ауылдағы кішкентай өнерпаздар концерт қойып, мерекенің шырайын келтірді. Үлкендер бата беріп, берекелі істің болашағының жарқын болуын тіледі.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521