БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ
(0 Votes)

 Аудан көшелерін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету - бүгінде басты назарда.

Өйткені, ауданда 2024 жылы орын алған қылмыстар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,4 % - ға өскен.

Осы ретте биыл қоғамдық тәртіп мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан көшелеріне бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілмек.

Атап айтқанда, Мақат кентіне – 188, Доссор кентіне – 171 және Бәйгетөбе ауылдық округі көшелеріне – 20 бейнебақылау камералары орнатылады.

Орнатылатын бейнекамералар аудан ішіндегі түрлі қылмыстың, құқық бұзушылықтардың алдын алуда көмегі зор болмақ.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT