«Батыр Муса байрағы» оқырманға жол тартты

(0 Votes)

Осындай атаумен баспаханадан жаңа кітап басылып шыққандығы жөнінде бұрын да оқырмандарымызды хабардар еткен болатынбыз.

Өткен аптаның жұмасы күні  «Атырау-Ақпарат»  баспасөз клубында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы, Мақат ауданының құрметті азаматы Айбосын Елеусіновтың туғанына 80 жыл толу құрметіне орай еске алу кеші өтті.

img_5062-1024x683

Бұл күні «Атырау-Ақпарат» мұражайына қаламгердің кітаптары, тұтынған заттары, құжаттары және марапаттары қойылды. Кеште жерлесіміздің өмір жолы көрсетілген бейнебаян ұсынылып, қатарластары мен үзеңгілес жолдастары естеліктер айтылды.

whatsapp-image-2020-10-14-at-18_40_20

Кеш соңында Айбосын Елеусіновтың Кеңес Одағының Батыры Муса Баймұқанов туралы жазған «Батыр Муса байрағы» атты кітабының тұсауы кесілді. Ұйымдастырушылар тарапынан кітап Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына табыс етілді.

А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521