Балалар жүзіндегі қуаныш

(0 Votes)

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және «Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі» орталығының қызметкерлері бірлесіп «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше балалармен «Қош келдің, Алтын күз» атты шара ұйымдастырды.

Шараның ерекше балаларға табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері, жалпы адамзат баласы үшін қалыпты ауа райы туралы түсіндіруді мақсат еткен шара барысында балалар берілген тапсырмаларды орындай отырып, білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды. Берекелі күздің өзгешелігін ұғынды.

Балалар күзгі ауа-райын бақылады. Би билеп, ән мен өлең айтқан балалар қолдарымен жасаған бұйымдарын да ұсынды. Бұл шара балалар үшін жақсы демалыс болды. Олардың жүздерінде қуаныш, мейірім ұялады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521