Балабақша кезегіне үйде отырып тіркелуге болады

(0 Votes)

«Елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның бәсекеге қабілеттілікті арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда рөлі зор.

Білім беру саласында да оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайтуды көздейді. Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев саланы цифрландыруды дамыту 3 бағытта жүргізілуде екендігін айтқан еді. Соның екінші бағыты – білім жүйесін басқару процестерін автоматтандыру.

Өзекті шара балабақшаларға кезекке тұру және жолдама кезегін автоматтандырудың жаңа стандартын енгізумен бастау алды. Осы жөнінде аптаның дүйсенбісінде аудандық білім беру бөлімінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуде аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі әдіскері Г.Медыева жүйенің артықшылықтарымен бөлісті.

-Баланың әке-шешесі ұялы немесе компьютер арқылы https://garden.makat.atyrau.gov.kz арнайы жүйеге кіреді. Онда балаға тиесілі мәліметтерді толтырып, өз телефон нөмірін қалдырады. Егер жеңілдік санатына жататын болса, оны да көрсету қажет. Мұның бәрі жүйеде пайда болған орын туралы ақпаратты алып отыру үшін міндетті түрде керек.

Көрсетілген телефон нөміріне 3 рет хабарлама жолдайды, егер ата-анадан бұл хабарлама жауап болмаса, автоматты түрде уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар кезектің келгендігі туралы хабарлама жіберіледі. «Егер ата-ана белгілі уақытта балабақшаны таңдап, жолдаманы осы уақыт мерзімінде қабылдап алмаса, бұл орын кезекте тұрғандардың бәріне ортақ болмақ, - деді. Жолдама келгеннен кейін 5 күннің ішінде балабақшаға бару керектігі ескертілді. Ал, керісінше, ата-ана жолдама алып, 5 жұмыс күн ішінде балабақшаға келмесе, жолдама автоматты түрде жарамсыз болып шығады.

Бұл ретте, жаңа жүйенің артықшылығы жемқорлыққа жол бермеудің, көп жағдайда әр ата-ана білім беру бөлімінің есігін тоздырмай-ақ, смартфон телефон арқылы кезегін біліп, тіпті, басқа балабақшаға ауыстыруға да мүмкіндігі болады. Сонымен бірге кезек азаюы ықтимал. Дегенмен, көбеюі де ғажап емес. Аталған жаңа жүйе бойынша әлі де түсіндірме жұмыстары жалғасын табатын болады.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521