Бәйгетөбеліктер наурыз тойын тойлады

(0 Votes)
Бәйгетөбеліктер наурыз тойын тойлады

Наурыз мерекесі Бәйгетөбе ауылдық округінде де ерекше аталып өтті.

Ұлыстың ұлы күніне орай, ауылға киіз үй тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды.

“Қош келдің, Әз Наурыз” атты шарада аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов бәйгетөбеліктерді ұлық мейраммен құттықтады.

Сондай-ақ, Бәйгетөбе ауылдық округ әкімі Кенжебек Махмұтұлы мен ауыл ақсақалы Ерғазы Жоламанов тұрғындарға ізгі-тілектерін жеткізді. Жұртшылық киіз үй тігілген алаңға ерте  жиналып, өнерпаздардың халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына қатысты қойған көріністері мен мерекелік концертін тамашалады.

Сонымен қатар, жиналған жұртшылыққа наурызкөже ұсынылып, ұлттық ойындар ойнатылды.

Атап айтқанда, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, асық ату, қол күресі, арқан тартыс түрлерінен өткен жарысқа жастар белсене қатысты. Ал, жеңіске жеткендерге арнайы сертификат табысталды.

Шара соңында боз үйге кірген меймандар мерекелік дастарханға жайғасып, Ұлыстың ұлы күнін зор ілтипатпен қарсы алды.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521