10 шілде күнгі мәлімет бойынша ауданда COVID-19 жұқтырғандар саны 186-ға жетті.
Соның ішінде Мақат кентінен - 103, Доссор кентінен – 81 жағдай тіркелсе, Бәйгетөбе ауылдық округі – 2 жағдай анықталып отыр.
Бүгінгі таңда, 47 адам аталмыш аурудан емделіп шықса, 139 адам науқастанып жатыр.
Сол себепті, аудан тұрғындарына қатаң шектеу шараларын сақтау ескертіледі:
1) азаматтардың тұратын және жүріп-тұру орындарынан шығуына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, маскалық режимді және 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға;
2) адам көп шоғырланатын жерлерге баруға тыйым салынады;
3) отбасылық шараларды, оның ішінде той, құдалық, мерейтой, туған күн, шілдехана, еске алу және т.б. ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынады;
4) 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпауға;
5) жұмыс орындарыңызда да күнделікті инфекциядан сақтану ережелерін қолданып, бетпердемен, антисептиктер пайдаланып жүру қажеттілігін ұмытпаңыздар!
Мақат аудандық жедел штабы
Сурет: ашық дереккөз