Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында барлық мәселелердің тең қамтып, бірқатар салаларға арнайы тоқталып өтті.
Соның ішінде – ауыл шаруашылық кәсібіндегі тың жаңалықтарға ерекше тоқталды.
«Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отыр» - деді Президент Қасым Жомарт Тоқаев.
Жалпы, бұған дейін мемлекет тарапынан субсидия алу үшін жалған құжат жасап, республикадан түрлі алаяқтықпен айналысқан тұлғалар анықталған. Яғни мемлекет бюджетінен тегін қаржылай көмекті алуды көздейтін алаяқ кәсіп ашушылардың саны да көбейген. Осы ретте Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауында ауылшаруашылық саласының өркендеп, дамуы үшін субсидия алудан гөрі арзан несие алу тәсілі тиімді екендігін жеткізді. Яғни, біз сонда ғана алаяқтық қылмысқа тосқауыл қоя аламыз.
Ауданда үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен арзан несие беру тәсілін пайдалану арқылы агроөнеркәсіптің даму сатысы жоғарылайды деп ойлаймын. Осы тұста Мемлекет тарапынан берілетін арзан несие алу арқылы Әділетті Қазақстанды құра аламыз деп сенемін!
Ақмарал Жангереева,
аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы