banner_damu

«Ауыл life» Доссорды думанға бөледі

(0 Votes)

Он жеті жылдан бері тойланатын Халықаралық Жастар күні – елімізде елеулі мерекеге айналды. Тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтілетін мерекенің биылда үрдісі үзілмеді.

Ауданда тұңғыш рет «Ауыл life» атты думанды кеш өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі және «Мақат белсенділері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Думанды кеште Мақат, Доссор кенттерінің және Бәйгетөбе ауылдық округінің белсенді жастары бас қосты. Жалынды жастардың жанын жадыратқан шара таңсәріден басталып, түн ортасына дейін жалғасты.

Доссордағы орталық алаңға екі киіз үй тігіліп, оның іші ұлттық бұйымдармен безендірілді. Ұлттық тағамдарымыздың иісі шығарылып, қонақтарға бауырсақтар ұсынылды. Шара барысында облысқа танымал тренерлер Нұрлан Азаматов және Әнуар Жұмабай жастарға арнап тренингтер өткізді. Тренинг танысу жаттығуларынан басталып, ойын-жаттығуларына ұласты. Жастардың топпен жұмыс жасау, компромиске келу, уақытты тиімді пайдалану, мақсатты айқындау тақырыптары қозғалып, жаңа серпіліс берді. Тренинг соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, осындай шаралар көптеп болса екен деген ұсыныс тілектерімен білдірді. Шара барысында ашық аспан астында ұлттық ойындар да ойналды. Спорттық ойындарда жігіттер алдымен қой көтеруден сыңға түсті. Бұл сайыста біліктілігін байқатқан Асылбек Өтегенұлы қойды 50 мәрте көтеріп бас жүлдеге ие болды. Асық атудан қарсыласқа шақ келтірмей мергендігімен көзге түскен Шаленов Руслан І-ші орын иеленіп, қарсыластарынан озып шықты. Ал ІІ-ші орын Ізтілеуов Әділханға бұйырса, ІІІ-ші орынды Қарлауғали Дәулет иеленіп, мықтылығын танытты. Шара әрі қарай ләңгі тебу сайысына ұласты. Бұл сайыста Мақсот Мирас І-ші орын иеленсе, Шаленов Руслан ІІ-ші орын алып нағыз бабында екенін дәлелдеді. Бұл ойында ептілік танытып, ІІІ-ші орынға Қарлауғали Дәулет ие болды.

Аталмыш шара барысында қыздарға да арналып сайыстар ұйымдастырылды. «Қанекей, қыздар!» жарысында 8 қыз, 5 кезең бойынша бақ сынасты. Олар алдымен көркемсөзбен өздерін таныстырып, қағаздан ұлттық оюларымызды ойды. Кейін, қыздардың бұрымдарын өріп, қолдарының ептілігін танытты. Жүн иіріп, қамырдан нан жайды. Жарыста өздеріне берілген тапсырмаларыды орындаудан сүрінбей өткен Аманғалиева Эльвира І-ші орыннан көрінсе, Жарылғасынова Перизат ІІ-ші орын, Есениязова Назерке ІІІ-ші орынға ие болды. Жастар домбырамен халық жауһарларын шертіп, гитараны сүйемелдетіп әуелете ән шырқап, шараның көркін одан әрі қыздыра түсті. Волейбол, футбол ойнап кешкі уақытты өткізді. Қой сойылып, киіз үй төрінде дастархан жайылды. Жастар палау әзірлеп, кәуәп пісіріп мерекелік дастарханды жайнатты.

Кент әкімі Ербол Ермағамбетов: «Жастар біздің қозғаушы күшіміз. Қашанда игі істердің қатарында жүретін жандар. Біздің ауданның жас-тары да қай салада болмасын өздерін жақсы қырынан танытып келеді. Еліміздің, ауданымыздың намысын сырт елде танытып жүрген жастармен мақтанамыз»-деп, жастарға құттықтау лебізін білдірді. Ал, ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, дастарханнан дәм татты. Қызыққа толы мерекелік шараның қорытындысы марапаттау рәсіміне жалғасты. Шара барысында ұйымдастырылған сайыстардың жеңімпаздарына арнайы номинациялар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, мерекелік кеште ауданның өсіп өркендеуі мен қоғамдық дамуына белсенді араласып жүрген жастары Наз-ерке Мұхамбетжанқызы, Эльвира Саматқызы, Гүлмира Байғалиқызы, Мөлдір Серікқызы, Ержан Болатұлы, Аман Боранбайұлы, Асылбек Өтегенұлына аудандық ішкі сая-сат бөлімінің басшысы Салтанат Хамидуллина алғыс хаттар табыстады. Жастарды жігерлендіріп, патриоттық рух сыйлайтын шара ұлттық тәрбиемізді бойға сіңіріп, ұмытылмастай кеште көрініс тапты. Ең бастысы, жастардың бірлігі мен татулығы жарасып, елдің, ауданның намысы үшін аянбайтынына көзіміз жетті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика