Белсенді жастарды үлгі етті

(0 Votes)

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар күні қарсаңында аудан абыройын асқақтатып жүрген бір топ дарынды жастардың іс-тәжірибесін үлгі етіп, спорттағы, өнердегі жетістіктерін бағалау мақсатында кездесу өткізілді.

Аудан басшылығының қолдауымен салтанат құрған шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев қатысып, жастардың келешегіне зор сенім артты. Кездесуге жастардың бастамаларын құптап, игі қадамдарына қолдау көрсетіп жүрген жанашырлары да шақырылып, марапат-сыйлар табысталды. Кездесу барысында әр сала бойынша көшбасшылықты алып жүрген жастардың белсенділігін, іскерлік қабілеттері мен табиғи дарындарын шыңдаудағы еңбекқорлықтары дәріптелді. Олардың жеткен жетістіктері арқылы замандастарының қызығушылығын ояту, мемлекет саясаты - келешек қоғамның тұтқасы болар жастардың патриоттық рухын көтеру мақсатында бағдарламалар дайындалып, ұсынылды. Еркін форматтағы басқосуда жастар өз ойларын ашық айтып, өнерлерін де ортаға салды.

Н.ЛЕНА.

Суреттерді түсірген: Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521