Өткен жылы ерекше күш түскен саланың бірі - денсаулық сақтау бөлімі. Мақат кенті бойынша 27 дәрігер бар. Кент әкімі жиын барысында статистикалық деректерге сәйкес, 2019-2020 жыл 12 айға салыстырмалы түрде жасақталған демографиялық көрсеткіштерге тоқталды.
Жиырмасыншы жылы дүниеге 394 сәби келсе, 99 адам о дүниелік болған. Өкінішке орай төрт сәби шетінеп, біреуі өлі туылған. Абырой болғанда ана өлімі тіркелмеді.
Е.Ермағамбетов өз есебінде : "2020 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін, COVID-19 инфекциясының симптомды және симптомсыз түрімен, пневмониямен ауырғандар саны-285,оның ішінде қайтыс болғандар саны -186,3%, жазылып шыққандар саны-267-93,7% құрап отыр.
Мақат орталық ауруханасында 7 дана ИВЛ аппараты және 57 дана оттегі беретін аппараты, 47 дана пульсоксиметр медициналық құрылғысы, 24 дана оттегі аппараты, 2 ИВЛ аппараттары бар.
2020 жылдың 10 айында аурухана 7 жас дәрігер маман келді. Оның 4-уі- жалпы тәжірибелі дәрігері, 1 хирург, 1 терапевт, 1 стоматолог.
Мақатта құрамында дәрігерлер мен медбикелерден құрылған 3 жедел мобильді топ бар, 5000 тұрғынға 1 мобильді топтан келеді",-деді.
Өз тілшіміз
Сурет: ашық дереккөз