Ауданда жанұя жанжалы бойынша 25 хабарлама тіркелді

https://baq.kz/
(0 Votes)

Жыл басынан бері аудандық полция бөлімінің «102» арнасына жанұя жанжалы бойынша 25 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен 6 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал жанұя шырқын бұзған 14 азаматқа қорғау нұсқамасы берілсе, осы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған 1 азаматқа 461 бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Сонымен қатар 3 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленді. «102» арнасына хабарлама беріп, кейіннен арызынан бас тартып, жолдасымен татуласуына байланысты жинақ папкасына 19 іс жолданды. Аталған азаматтар жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Жалпы жыл басында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша жұмыс жоспары жасақталып, келісілген мекемелермен бірлесе отырып, жиналыстар ұйымдастырылуда. Жанұя жанжалы бойынша көмек сұраған азаматшаларға профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, барар жері болмаған жағдайда Атырау қаласында орналасқан Дағдарыс орталығына орналасу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы ретте жыл бастала салысымен Дағдарыс орталығына 2 азаматша орналастырылып, құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алу бағытында, кеңес семинарлар және кәсіпорын, ұйымдар мен оқу орындарында қоғамдық іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі жалғаса бермек.

К.СЕРІКБАЕВА,

аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полия қызмет бөлімінің

әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан

қорғау жөніндегі инспекторы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT