Қайырымдылық жолында жасалған қандай да бір іс-әрекет ешкімнің де өлшеулі ризығын кемітпейтіні анық. Керсінше "садақа ризықты арттырады" деген тәмсіл бар. Жұмылып ақша жинап, оған азық-түлік алып тарату - аудандық орталық мешіт жамағатының игі дәстүріне айналған.
Бұл жолы да қолы ашық, жаны жомарт жандардың демеушілігімен жиырма бес отбасыға азық-түлік таратылды. Олардың бірі көп балалы болса, бірі әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Ең бастысы бір-бірімізге деген шынайы көңіл. Айналамызға бар екенімізді, бір екенімізді білдіріп осындай игі шараларға бірлесе үн қосайық.
А.САДЫҚОВ