Облыста 540 шаршы метр жолдың жабындысы ауыстырылды

(0 Votes)

Өткен жылы Атырау облысында 540 шаршы метр жолдың асфальтбетон жабындысы қайта ауыстырылып салынды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның 520 шаршы метрі республикалық, ал 20 шаршы метрі жергілікті маңыздағы автомобиль жолы. Бұл жұмыстарға 3 млн теңгеден астам қаражат мердігер есебінен жұмсалды. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары былтыр республикалық және жергілікті маңыздағы жолдардың сапасын тексеру үшін 941 рет жолға шыққан.

Нәтижесінде республикалық жодардан 218, жергілікті жолдардан 65 ақаулық анықтаған. Республикалық жолдарда белгілі болған 183 ақаулық жойылған, 35-і орындалмады. Ал жергілікті жолдарда 20 ақаулық жойылып, 45-і орындалмады. Сондай ақ, жол құрылыс материалдарынан 1286 материал алынып, сынақтан өткізілді. 121 жол құрылыс материалының ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасына 7 хат жолданды, 4 жауап хат алынып, 2 техникалық қадағалаушының аттестаты 6 айға тоқтатылып, жеке мекемелерге 2 508 620 теңгеге айыппұл салынды. Ведмостовалық сараптама бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолынан 2 сараптама жасалып, қазіргі уақытта 5 техникалық құжаттама қарастырылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT