Бүгін тұрғындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудандық мекемелерге қызметтік автокөліктер берілді.
Жаңа көліктердің кілтін аудан әкімі Азамат Мәмбетов салтанатты түрде табыс етіп, бұл халыққа қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар екендігін айтып өтті.
Сонымен қатар, берілген көліктер ауданның білім саласының дамуына, еңбекке қабілетті аудан азаматтарын жұмыспен қамтуға өз үлесін тигізуге бағытталған.
Айта кетейік, білім бөліміне қарасты мектептерге оқушыларды тасымалдауға арналған 2 ПАЗ-3205 автокөлігі, аудандық Мансап орталығына HAVAL автокөлігі және Мақат кенті әкімдігіне автогидроподъемник арнайы техникасы сатып алынып, тиісті мекемелер теңгеріміне берілді.
Ә.Қасым