АУДАНДА МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

(0 Votes)

 Бүгін ауданның орталық алаңында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала концерт өтті.

Шара шымылдығын алдымен аудан әкімі Азамат Мәмбетов ашып, барша аудан тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.

Одан әрі, сахна төрінде Қазақстан Республикасының эстрада жұлдызы Әділет Жауғашар мен Еркеш Хасен әннен шашу шашып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар, гала концертте жергілікті көркемөнерпаздар өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.

Ботакөз Қасымова

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT