12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай «Ақ халатты ару» атты аудандық мейірбикелер сайысы өтті. Сайысқа аудандық және Доссор селолық ауруханаларынан 4 мейірбике қатысты.
Салтанатты жиынды аудандық аурухананың директоры Рыскүл Тайшекенова ашып, ақ халатты абзал жандарды аталмыш мерекемен құттықтады. Байқауда айқын дараланып, қазақ қызына тән барлық қасиеттерді бойына жинаған арулар өз өнерлерін ортаға салып, сынға түсті.
Нәтижесінде әр кезеңнен сүрінбей өткен мейірбикелер әртүрлі номинацияларға ие болды. Атап айтқанда, Бибіфарида Балуанбаева «Инабатты ару», Салима Нығымет «Сымбатты ару», Дильназ Еңсегенова «Өнерлі ару», Аймекен Санжанова «Көрікті ару» номинациясына иеленді.
Шара соңында қатысушыларға аудандық аурухананың кәсіподақ ұйымының тарапынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ә.Қасым