Ауданда 26-28 күндері аралығында республика көлемінде«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс шараның мақсаты - қызмет ету аймағында қоғамдық орындарда қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау болып табылады.
Сондай-ақ, теміржол объектілерін қарау кезеңінде көші-қон ережесін бұзу фактілерін анықтау, ұсақ бұзақылық, есірткі заттарын пайдалану, тасымалдау фактілерін анықтау бағытында да жұмыстар жүргізілуде.
Қоғам тыныштығын сақтау жолында тиісті шаралар тұрақты түрде атқарып келеді.
Қ.ЕРАЛИЕВ,
Мақат станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры