Ауданда домбыра күні аталып өтілді

Ауданда домбыра күні аталып өтілді
фото: мәдениет үйінен алынды
(0 Votes)

 Елімізде 1 шілдеде «Ұлттық домбыра күні» мерекесі аталып өтіледі. Бұл қазақтың киесі мен қасиетті қазынасына баланған, ұлы даланың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін шертпелі аспабымыздың құндылығын дәріптейтін мереке. 

Аталмыш мереке қарсаңында, орталық алаңда «Ұлттық домбыра күні» атты аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтті. Шара барысында күмбірлеген күй шертіліп, әуезді әндер шырқалды.

Шара шымылдығы алдымен Ұлт-аспаптар ансамблінің «Көңілашар» күйімен ашылып, осы орындаудағы «Еркесылқым», «Балбырауын», «Мереке», «Адай» күйлерімен жалғасты.

Кейіннен, А.Нұртас «Алатау», Қыздар триосы «Құрбылар», Қ.Бағытов «Адалым» және «Миллион қыздар», Ақерке, Жанерке Әбітовалар халық әндерінен папури, «Мөлдір мұнай» фольклорлық ансамблі «Арнау» және «Ақсауыт», Ә.Қалбай «Гүлденген Қазақстаным», Р.Әлиева «Ел аман болсын», А.Отаубай «Жоғалтудан қорқамын», «Екеуміз», А.Нұртас пен Ә.Қалбайдың «Жақсылықта жолығайық», Г.Ишанғалиева мен Ә.Аманғалиқызының «Домбыра туралы толғау» әндерін орындалып, Абай қыздарының «Қыз ғұмыр», «Шаттық» ортаңғы би тобының «Қазақ биі» және «Шаттық» үлгілі би ансамблінің «Тұмарым» билері көпшілік назарына ұсынылып, Е.Мұсаев пен Е.Бекболаттың күй тартысымен қорытындыланды.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT