Ауданда бір отар қойды қасқыр жеп кетті

(0 Votes)

Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында бір отар қой қасқырларға жем болды. Далалық жерде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Үй жануарлары 24 қаңтар күні жоғалып кеткен. Келесі күні қойларды іздеуге шыққан иелері Каспий теңізінің жағалауынан қойлардың ізін көреді. Дегенмен, қалың қардың кесірінен іздерден айырылып қалады.

"Қажет техниканың болмауы салдарынан іздеу жұмыстарын жалғастыра алмадық. Аудандық полиция бөліміне хабарласқаннан кейін, қызметкерлері екі "Нива" көлігімен шығып, 10 қой мен қозыны тапты. Ал, қалған 50-ін қасқыр жеп кеткеніне сенімдімін, себебі өлген бірнеше қойды таптық. Бұл маңда қасқырлар өте көп", - дейді "Ақбота" шаруа қожалығы қызметкерлерінің бірі.

Azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521