Ауданда оқушылар пікірсайысқа түсті

(0 Votes)

Ақпан айының алғашқы күні Доссор кентіндегі Сабыр Шарипов атындағы мектеп-интернатында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени - білім беру жобасын іске асыру және дебат клубының жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған «Sharipov cup» турниры өтті.

Сайыстың алғы сөзін сөйлеген оқу орнының директоры Серікболсын Беріков:

«Мектебіміздегі дебат қозғалысының дамуын өз қадағалауыма алатын боламын. Сол мақсатта Атырау пікірсайыс орталығының белсенділерін ауылымызға шақырдым. Оқушыларымызға шыңдала түсу үшін мұғалімдермен қосып ойнату және үлкен масштабтағы турнирларды ұйымдастыру жоспарда бар», - деді.

Линкольн-Дуглас форматында өткен ойындар қатысушы санына байланысты жартылай финалдан басталды. Алғашқы айналымда пікірсайысшылар латын әліпбиінің енгізілуі және бірыңғай мектеп формасының сақталуы туралы екі тарапта өз позицияларын қорғады. Жақтаушы жақ латын әлпбиі заман талабы екендігіне тоқталса, даттаушы тарап ересек адамдар үшін жаңа алфавитке көшу қиын тиетіндігіне ден қойды. Келесі ойында оқушылар бірыңғай мектеп формасының артықшылықтары мен кемшіліктеріне байланысты ой қозғауға тырысты. 

Финалға жолдама жеңіп алған Айгүл Мұрат пен Рысгүл Серікқызына «Бұл кандидат ер жігітке қарағанда қыздар ақылдырақ деп есептейді» деген қарар берілді. Сөздерінің арасында бірі әйелдің мықтылығына, қоғамдағы рөліне акцент қойса, екіншісі әлемдегі барлық дерлік ашылыстарды жасаған еркектер екендігін айтып өтті. Турнир нәтижесінде Сұлтанбек Еркінжанұлы мен Жанерке Сапарқызына 3-орын бұйырды. Ақтық ойында жақсы қарсылық көрсеткен Айгүл Мұратқа екінші, ал Рысгүл Серікқызына бірінші орын мен «Үздік спикер» кубогын иемденді.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды мектеп директоры Серікболсын Берікұлы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандық Сансызбайұлы және сайыста төрешілік еткен Асылбек Жұмабекұлы марапаттады.

whatsapp-image-2022-02-02-at-13_24_01

 

                                                                                                                  А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521