Бүгін Сағыз өзені бойындағы Ақкөл маңынан ауданда алғашқы рет әуесқой балықшылар арасында балық аулаудан “Аудан әкімінің кубогі” аудандық турнирі
Турнирдің мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттай отырып, балық аулау спортын танымал ету, қатысушылардың біліктілігін арттыру және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беру мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушы балықшыларға сәттілік тіледі.
Аталған жарысқа барлығы 16 адам қатысып, берілген екі сағат уақыттың ішінде өзара бақ сынасты.
Нәтижесінде, олжаға кенелген Сәлімжан Бтанов I орынды жеңіп алса, II орынды Жасұлан Сисенбаев, III орынды Берікбол Сайынов еншіледі.
Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталып, өзге қатысушыларға аудан әкімінің арнайы сыйлықтары табысталды.
Ә,ҚАСЫМ