Құрметті Мақат ауданының тұрғындары мен қонақтары!
«КӨКТЕМ-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 6 ақпан күні сағат 11:00-де ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады.
Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады.
Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты Мақат ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарынан «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды.
Мақат аудандық төтенше жағдайлар бөлімі