Есімдері « Алтын кітапқа» енді

Есімдері  « Алтын кітапқа» енді
(0 Votes)

«Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясы – елге еңбегі сіңіп, қажыр-қайраты мен қабілетін ел игілігіне арнаған, есімі ел есінде қалып, кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс тұлғаларды бір жинаққа топтастырады. 

Бұл кітапқа әр саланың үздіктері, қоғам мен саясат, ғылым мен спорт, өнер мен ағартушылық, мәдениет саласындағы жеткен жетістіктерімен, сондай-ақ, әлем және ел ішінде қошеметке бөленген ұлы тұлғалардың өмірі баяндалады.

Энциклопедиялық кітап республика көлемі бойынша ешқандай баламасы жоқ, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік айтары бар бірден-бір басылым.

Осы ретте аталған кітапқа аудан бойынша Мақат балалар өнер мектебінің ардагер ұстаздары Қазбек Ильясов, Сағидолла Қайрошов және Терекбай Сәрсенғалиев сынды тұлғалалардың өмірбаяны мен шығармашылық өнерлері жарық көрді.

Айта кетейік, Қазбек Ахметұлы – Мақат балалар өнер мектебінің күйсандық мамандығының оқытушысы, қазіргі таңда ардагер ұстаз, сазгер, «Еңбек ардагер», «Білім көшбасшысы», «Үздік тәлімгер» төсбелгісінің иегері. Ал, Сағидолла Шәмілұлы – Мақат балалар өнер мектебінің ардагер ұстазы, «Еңбек ері», «Алтын адам», «Үздік сазгер» төсбелгісінің иегері болса, Терекбай Қалиұлы – Мақат балалар өнер мектебінің негізін қалаушы, домбыра-тенор мамандығының оқытушысы.

Осылайша, елге еңбегі сіңген жандарды кейінгі ұрпақ есінде сақтау мақсатында өнер саласында жүрген жерлестеріміз кітап төрінен орын алды. Ел игілігіне қызмет етіп жүрген жандардың абыройы биігінен көрінуі – біз үшін үлкен мақтаныш.

Г.Жұбанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT