Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі №52 қаулысын жариялай отырып, Атырау облысы аумағына 2020 жылғы 5 шілде сағат 00:00 – ден бастап 19 шілде сағат 00:00-ге дейін аралықта қатаң карантиндік шектеулер белгіленгенін хабарлайды.
Аталған қаулыға сай, 2020 жылғы 5 шілдеден бастап аудан көлеміндегі барлық бағыттағы қоғамдық көліктер, автобустар тоқтатылатыны ескертіледі.
Аудан тұрғындарына төмендегідей шектеу шараларын сақтауды сұраймыз:
1) азаматтар мен автокөліктердің сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жүруіне тыйым салынады;
2) адам көп шоғырланатын жерлерге баруға тыйым салынады;
3) отбасылық шараларды, оның ішінде той, құдалық, мерейтой, туған күн, шілдехана, еске алу және т.б. ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынады;
4) 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпауға;
5) азаматтарға көшеге шыққанда жұмыс орнының анықтамасы негізінде жүруге рұқсат беріледі. Жұмыс орындарыңызда да күнделікті инфекциядан сақтану ережелерін қолданып, бетпердемен, антисептиктер пайдаланып жүру қажеттілігін ұмытпаңыздар!
Мақат аудандық жедел штабы
Сурет: ашық дереккөз