Мақат ауданында жоғалған адамды іздестіру жұмыстары басталды

(0 Votes)

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, департаменттің диспетчерлік пультіне 14 ақпанда сағат 01.30-да Атырау қаласынан 12 ақпан күні "Қаратал" кен орнына бағыт алған "Арна" ЖШС-не қарасты жаңармай тасығыш "Урал" жүк көлігімен 1995 жылы туған жүргізуші шығып кетіп, кен орнына барамағандығы туралы хабарлама келіп түскен.


Түнде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Атырау облысы ТЖД күштері дереу жұмылдырылып, 8-ӨСБ 3 қызметкері мен 1 бірлік "УАЗ" техникасы мен туыстары шықты . Таңертең сағат 06.20-да жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы және 1 бірлік "ТРЭКОЛ" жоғары өтімді техникасы, "Арна" ЖШС 3 қызметкері және 1 бірлік техникасы, сондай-ақ туыстары қосымша тартылды.
Іздестіру жұмыстары Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінен 40 шақырым жерде жүргізілуде.


Сонымен қатар, "Қаратал" кен орнының жақын маңында іздестіру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы 4 экипаж мүшесі, Атырау облысы ТЖД 3 қызметкері және 3 туысы тартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521