Бүгін «AMANAT» партиясының ғимаратында аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан тұрғындарын қабылдап, жеке мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үй, кәріз жүйесі, парк құрылысы және спорт алаңдары туралы т.б мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды.
Аудан әкімі Азамат Саматұлы тұрғындардың көтерген мәселелеріне заң аясында түсінік беріп, мәселелері алдағы уақытта кезең-кезеңімен қаралатындығын түсіндірді.
Айта кетейік, қабылдауға барлығы 5 тұрғын қатысты.
Ә.ҚАСЫМ