МАҚАТ АУДАНДЫҚ СТАТИСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МАҚАТ АУДАНДЫҚ СТАТИСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
(0 Votes)

 ҚР-ның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысының 2025 жылғы 11 наурыздағы №23ЖҚ бұйрығымен Нұржанов Амандық Амантайұлы Мақат аудандық статистика бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Амандық Амантайұлы 1991 жылы 12 сәуірде Мақат кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2012 жыл Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі аппаратында бас маман болып бастаған.

2015 – 2021 жылдары Атырау облысының Статистика департаментінің Мақат аудандық статистика басқармасының жетекші маманы;

2021 жылы Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;

2021 - 2024 жылдары Атырау облысының Статистика департаментінің Мақат аудандық статистика басқармасының бас маманы;

2024 жылдың мамыр айынан бастап күні бүгінге дейін Мақат ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT